Тасжол бойында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан
Түркістан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында «Нексия» және «Лада-Vesta» маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан «Нексия» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және «Лада-Vesta»көлігінің бір жолаушысы қаза тапты», - делінген Polisia.kz сайтындағы мәліметте.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.