20 шаршы метр аумақ өртенді
Ақтөбедегі бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар 44 адам эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында құтқару қалпақтарының көмегімен 4 адам құтқарылды.
Сонымен бірге баспалдақпен 40 адам эвакуацияланды, оның ішінде 10 бала бар.
Өрт сағат 13:47-де сөндірілді. 20 шаршы метр аумақ өртенді.
Өртті сөндіруге Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің 26 өрт сөндірушісі мен 6 техникасы жұмылдырылды.