Күйеуі өртеп жіберген әйел өздігінен демала бастады

07.11.2019 22:44

Оның денесінің 75 пайызын кұйік шалған

Үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген әйел өздігінен дем ала бастады, алайда жағдайы әлі ауыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"6 қазанда түскен науқастың жағдайы тұрақты ауыр, оның денесінің 75 пайызын кұйік шалған. Жақсарып келеді, бірақ баяу. Ол есін біледі, өздігінен дем алады. Бүйрек жеткіліксіздігі сақталады", - деді Травматология және ортопедия институтының ғылыми-зерттеу орталығы баспасөз қызметінің өкілдері.  

Айта кетейік, 43 жастағы ер адам әйелінің үстіне бензин төгіп, өртеп жіберген. Оқиға 6 қазанда шамамен 11:40-та болған. Полицияға мамандандырылған ХҚКО аумағындағы автобус аялдамасында денесі күйіп қалған әйелдің жатқанын хабарлаған.

Әйел ауруханаға жеткізілді.