Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанып кетті

15.06.2023 22:35

Оқиға орнына сегіз қызметкер мен екі техника шықты

ашық дереккөзден

Павлодарда бір гектар құрғақ шөп жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына сегіз қызметкер мен екі техника шықты.  

«Өрт туралы хабарлама сағат 14:40-та түсті. Қазіргі таңда өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр», – дейді департаментте.

Жалпы көлемі бір гектар аумақта құрғақ шөп өртенген. Сондай-ақ 20 метр аумақта ағаш қоршау және үш ағаш шаруашылық құрылысы жанып жатыр.