Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Петропавлда төрт жасар бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға түске қарай Амангелді көшесінің бойында болған.
«Бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Оның қалай құлағаны анықталуда», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі сәбидің өте ауыр халде жатқанын хабарлады. Бұл – жыл басынан бері болған төртінші оқиға. Бұған дейін терезеден құлаған балалар қаза тапқан еді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Қарт ата-анаңыздың үйіндегі қауіпсіздікті тексеріп тұрыңыз - ТЖМ
21.10.2026 17:43