Өрттің алдын ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі сымның қысқа тұйықталуы
Нұр-Сұлтан қаласында жана бастаған көлік ішіндегі екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv Төтенше жағдайлар комиетінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасап.
«2020 жылғы 17 мамырда сағат 11.50-де Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында Дүкенұлы көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласында Nissan-Terrano жеңіл автомобилінің қозғалтқыш бөлігі жанды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін оқиға куәгері көлік салонынан 2014 және 2015 жылы туған екі баланы құтқарды», - делінген ведомство хабарламасында.
Өрттің алдын ала себебі – қозғалтқыш бөлігіндегі сымның қысқа тұйықталуы.
ТЖК мәлімдеуінше, тілсіз жау сағат 12.02-де жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД 12 қызметкер және 2 бірлік техника жұмылдырылды.