Өртті сөндіру кезінде 1942 жылы туған әйел адамның денесі табылды
Көкшетауда өрт кезінде 80 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 маусым сағат 11:56 шамасында жедел басқару орталығына Әбілқасымов көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны хабарланған.
«Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 28 адам және 4 техника шақырылды. Сағат 12:33 кезінде өрт ауыздықталып, 13:18-де сөндірілді. Қызыл жалын 135 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті сөндіру кезінде 1942 жылы туған әйел адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды», - дейді ведомствода.