Қорғаста 2000 блок темекі мен қымбат қаракүзен тондар тәркіленді

19.07.2019 00:12

Шекарадан заңсыз алып өтпек болған тауардың соммасы 13 миллион теңгеден асып жығылады

Стопкадр из оперативного видео

«Алтынкөл» кеден бекетінде заңсыз тауарлар тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

600 келідей болатын 2000 блоктан астам темекі мен 40-қа жуық қаракүзен терісінен жасалған тон, түлкі терісінен жасалған 77 ішік, 13 дана қаракүзеннен тігілген бас киім декларацияланбаған болып шықты. Шекарадан заңсыз алып өтпек болған тауардың соммасы 13 миллион теңгеден асып жығылады. 

Ал кедендік баж төлемі мен  салыққа шамамен 7 миллион теңгеден астам ақы төленуі тиіс еді. Қазір жауаптылар өз әрекеттері үшін тергеліп жатыр. Ал тәркіленген тауарлар уақытша қоймаға қойылды.