Астанада салынып жатқан ғимараттан өрт шықты

04.10.2023 в 22:37

Зардап шеккендер жоқ

astanovka98

Астананың сол жағалауында салынып жатқан ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әлеуметтік желіде Астанада болған өрттің кадрлары жарияланды. Бейнекадрда салынып жатқан ғимараттан қара түтіннің көтеріліп жатқаны көрінеді. Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 15:08-де Хусейн бен Талал көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылының қиылысында өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.

- Өрт сөндірушілер келген кезде салынып жатқан ғимараттың екінші қабатында алдын ала болжаммен 200 шаршы метр аумақта құрылыс материалдары жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында өртті сөндіру үшін Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 20 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінен.

Оқи отырыңыз: Оралда мектеп өртеніп кетті