«Қорғас» шекарасынан заңсыз 22 миллион теңге алып өтпек болған азамат ұсталды

29.08.2019 00:08

Кеден бекетінен өтетін кезде ол аталған қаражаты туралы ешкімге ескертпеген

открытые источники

Бүгін таңертең «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында ірі көлемде заңсыз қаржы арқалаған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол АҚШ валютасын, теңге және қырғыз сомдарын алып өтпек болыпты. Контрабандалық қаражаттың жалпы көлемі 22 миллион теңгені құраған. Кеден бекетінен өтетін кезде сезікті аталған қаражат туралы ауызша да, жазбаша да ескертпеген. Енді Қазақстаннан Қытайға бет алған тәжікстандық қылмыстық жауапқа тартылатын болады.