Алматыда тамырымен опырылған ағаш көліктің үстіне құлады

29.07.2020 00:35

Оқиға болған сәт видеотіркеуіштің камерасына түсіп қалған

Сурет видеодан алынған

Алматыда тамырымен опырылған ағаш көліктің үстіне құлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға болған сәт видеотіркеуіштің камерасына түсіп қалған. Биік терек Қалдаяқов пен Мақатаев көшесінің қиылысында өтіп бара жатқан Mercedes маркалы көлікті түгел басып қалған. Ішінде отырған әйел адам абырой болғанда зардап шекпеген. Қалалық Төтенше Жағдайлар Департаментінің мәліметінше, ағаш 25 шілдедегі нөсер мен қатты желдің әсерінен құлаған. Бір көшенің қозғалысын тежеп қалған теректі жолдан алып тастауға қала әкімдігінің «109» құтқару және «Алматы Тазалық» қызметкерлері жұмылдырылған.