Кентауда екі жасар бала құдыққа құлап кетті
МЧС РК
Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Түркістан облысы Кентау қаласында екі жасар бүлдіршін каналға құлап кетті, деп хабарлады Almaty.tv.
Оқиға 30 сәуірде кешкі сағат 19:47 шамасында орын алған.
"Бүлдіршін Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы көлемі 500 мм болатын суару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған бала құбырға 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталған. Оны құтқару шараларына облыстық ТЖД 3 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқарушылар құбырға кіріп, баланы алып шықты", - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалаған. Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53
20 қыркүйекке арналған валюта бағамы
20.09.2026 09:17