Кентауда екі жасар бала құдыққа құлап кетті

01.05.2022 22:38

Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында

МЧС РК

Түркістан облысы Кентау қаласында екі жасар бүлдіршін каналға құлап кетті, деп хабарлады Almaty.tv.

Оқиға 30 сәуірде кешкі сағат 19:47 шамасында орын алған.

"Бүлдіршін Кентау қаласы, Хантағы ауылындағы көлемі 500 мм болатын суару құбырына құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған кезде ересектердің қарауынсыз қалған бала құбырға 15 метр қашықтықта тұрып қалғаны анықталған. Оны құтқару шараларына облыстық ТЖД 3 қызметкері және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Құтқарушылар құбырға кіріп, баланы алып шықты", - делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Дәрігерлер баланың жағдайын орташа деп бағалаған. Қазір бүлдіршін медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында.

Теги: МЧС