Алматыда Қожанов көшесіндегі қозғалыс шектеледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Қозғалыс екі жақта да жабылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2024 жылғы 3 шілдеден 15 қыркүйекке дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Радостовец көшесінен Гагарин даңғылына дейін Қожанов көшесі бойынша автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қозғалыс екі жақта да жабылады.

1976 жылдан бастап пайдалануға берілген, аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 1097,5 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

«ТМ1» жылу трассасы жылумен жабдықтауды (ыстық су, жылыту) бөлуді қамтамасыз етеді және «Южная», «Орбита» қазандықтарын өзара байланыстырады.

Реконструкция кезінде тұтынушыларға ыстық су берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматының Жетісу ауданында заманауи емхана ашылады

Новости партнеров