ТЖМ құтқарушылары бір тәулікте 800-ден астам адамды құтқарған

14.12.2023 22:41

Құтқару қызметі елдегі барлық төтенше жағдайға тәулік бойы, жедел әрекет етеді

Сурет: ТЖМ

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатты аяз бен боранда елдегі барлық төтенше жағдайға тәулік бойы және жедел әрекет етеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі күштері үш тәулікте 1000 астам адамды, оның ішінде 86 баланы құтқарды. 583 өрт сөндіріліп, 263 апаттық-құтқару және іздестіру жүргізілді.

Тек өткен тәуліктің ішінде ТЖМ құтқарушылары жергілікті атқарушы органмен, полициямен, әскери қызметпен және жол қызметтерімен бірлесіп, 887 адамды құтқарды.

ТЖМ дауылды ескерту кезеңінде алыс сапарға шықпауға, алыс қашықтыққа жаяу жүруден бас тартуға кеңес береді.

- Өрттің алдын алу үшін жылыту жүйелерінің, электр жабдықтарының дұрыстығын қадағалаңыздар. Пештерді қыздырмаңыздар және жоғары қуатты құрылғыларды бір уақытта қосу арқылы электр жүйесін шамадан тыс жүктемеңіздер, - деп ескертті ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жұмыртқа тиелген жүк көлігі жанып кетті