Астанада жатақхана өртеніп, екі адам ауруханаға жеткізілді
ашық дереккөзден
Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанада жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын жатақхана өртенді. Бұл туралы елордалық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«16 желтоқсан күні сағат 13:44-те Астана қаласы төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Алматы ауданы Балқантау көшесі, 137 мекенжайына барды. Құтқарушылар оқиға орнына 4 минутта жетті және екі қабатты коттедждің жатақхана ретінде қайта жабдықталғанын анықтады. Онда жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын шатыр мен үй төбесі өртенген», - делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге 20 адам мен 4 техника жұмылдырылды. Олар тілсіз жауды сағат 14:27-де өшіріп бітті.
Салдарынан 1971 жылы және 1994 жылы туған екі адам көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жеткізілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37