Астанада сейфтен 3,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада сейфтен 3,5 миллион теңге ұрлаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Астана қалалық Полиция департаментінің ресми парақшасы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Мейрамхана басшысы полицияға өтініш білдіріп, сейфтен көп ақша ұрланғанын хабарлады. Тергеу барысында көлік жүргізушісінің ұрлыққа қатысы бар екені анықталды.

Жүргізуші болып жұмыс істеген 35 жастағы ер адам сейфтен 3,5 миллион теңгеден астам ақша ұрлап кеткен. Жұмыс уақытында ол басшының кеңсесіне кіріп, үстелден сейфтің кілті жатқанын көріп, оны ашып, ақшаны ұрлаған.

Қазір осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам ұрланған ақшаны өтеді. Астана қаласының Полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне сақ болуды және объектілерде ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын енгізуді ұсынады.


Новости партнеров