Теміртаулық полицейлер 11 жасар баланы құтқарып қалды

01.05.2020 23:18

Баланың суға түсуіне анасы рұқсат берген

Polisia.kz

Теміртау қаласының есу базасы маңында 11 жасар бала жыраға құлап кетті деген хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Almaty.tv Baq.kz-ке сілтеме жасап.  

Теміртау қаласы полиция басқармасының кезекшісі оқиға орнына дереу автопатруль жіберді. Патруль құрамында екі полицей Құрбанбек Түрлібеков пен Бекзат Маханов болды. 

Баланы іздестіру жұмыстары үлкен қиындық туындатты. Себебі, ол қай жерде екенін дұрыс түсіндіре алмады. Жасөспірімді іздеу үшін полицейлер патрульдік машинаның дыбыстық сигналдарын қолданды. Кейіннен баланың хабарламада көрсетілген жерден бір километр қашықтықта екені анықталды. Қызметкерлер суға түсуге арналмаған каналдан баланы тауып алды. 

«Жедел жәрдем қызметі баланы қарап тексеріп, жағдайының қалыпты екеніне, ауруханаға жатқызудың қажеттігі жоқ екеніне көз жеткізді. 11 жастағы бала анасының серуендеп келуге және суға түсуге рұқсат бергенін айтты», - делінген polisia.kz сайтындағы хабарламада.