Алматы облысында жолаушылар автобусы ірі жол апатына ұшырады

06.04.2022 23:36

Тежеуіші істен шыққан қоғамдық көліктің тізгінінде 35 жастағы жүргізуші болған

zakon.kz


Бүгін Алматы облысына қарасты Қарасай ауданында автобус 9 көлікті қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға Алматы-Жандосов тасжолында болған. Тежеуіші істен шыққан қоғамдық көліктің тізгінінде 35 жастағы жүргізуші болды деген мәлімет бар. Ал апат салдарынан түрлі деңгейде жарақат алған жолаушылар Қаскелең қаласындағы ауруханаға жеткізілді. 

Айта кетейік, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.