Қылмыстық іс қозғалды
Іле ауданына қарасты Жетіген ауылында 10 жастағы бала жүк көлігінің астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға бүгін сағат 10:00-де болған. Виноградная мен Южная көшелерінің қиылысындағы жайттың куәгерлері жеткіншектің велосипед теуіп келе жатып, апатқа ұшырағанын айтып отыр.
"Жүк көлігін 62 жастағы ер адам басқарған. Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Жүк көлігі тәркіленіп, қажетті сараптама жүргізу үшін арнайы тұраққа орналастырылды", - деді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Ернар Сайділдин.