|
15.05.2019 | 19:32
3097

Алматыда күйеу баласын атып өлтірген полиция қызметкері 11 жылға сотталды

Оған тұрмыстық жанжал себеп болған

Алматыда күйеу баласын атып өлтірген полиция қызметкері 11 жылға сотталды КазТАГ

Алматыда экс полицей Азамат Берістемов әріптесі әрі күйеу баласына оқ атқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қанды оқиға былтыр Алматы қаласы әкімшілік полициясының көлікжайында орын алған еді. Белгілі болғандай, қайын ағасы мен күйеу баласы қызмет бабында кездесіп қалған. Кезекшілікке түсіп, қолына қару тиген Азамат Берістемов әріптесі Сәбит Бегланұлын оңаша шақырып алып, басынан оқ атқан. Оған тұрмыстық жанжал себеп болыпты. Алайда жәбірленуші тарап шыққан үкімге келіспей отыр.

«Сот Берістемов Азамат Бердібекұлын кінәлі деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99- бабының 1- тармағына сәйкес 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтесін. Істе сот барлық дәйектерге сүйенді. Заң бұзушылық отбасылық араздық салдарынан болғаны ескеріліп, тиісті деңгейде баға берілді. Қылмыстық істі қарау кезінде қосымша психиатр, психологиялық сараптама тағайындалды», – дейді Алматы қаласы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан БОЛАТОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир