Ақтөбеде өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды

02.01.2023 22:48

Өрт 4 сағат 30 минутта сөндірілді

ашық дереккөзден

Ақтөбеде өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

«2023 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 4:12-де112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Бутак-9 АЗХС бау-бақша ұжымы, учаскесінде жеке үйдің жанып жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті. Шақырту орнына 17 адам 3 техника жіберілді. Өрт 4 сағат 30 минутта сөндірілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 ш.м аумақты жалын шарпыған. Оқиға орнынан 1984 жылғы ер адамның мәйіті анықталды.