Қордай тас жолында апатқа ұшыраған автобустың тағы бір жолаушысы қайтыс болды

24.04.2019 22:48

Оның жарақаты тым ауыр болған

Zakon.kz

Дәрігерлер Қордай тас жолында жол-көлік апатына ұшыраған автобуста болған тағы бір жүргізушінің қайтыс болғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Ол пациент бізге жол апатынан кейін аса ауыр жағдайда жеткізіліп, комада жатты. Алған жарақаттары өмір сүруіне мүмкіндік бермей, ол қайтыс болды», – деп хабарлады Алматыдағы 7-ші қалалақ аурухана өкілдері.

Айта кетейік, апат салдарынан 12 адам көз жұмды.