Павлодарда автобус билбордқа соғылды
стоп кадр
Салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодарда автобус жол белгісі мен жарық бағанасын құлатып, жарнама билбордына барып бір-ақ соғылған. Салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жол көлік оқиғасы бүгін таңертең Торайғыров пен Бектұров көшелерінің қиылысында болған. №38 бағыттағы автобус жүргізушісінің не себепті тізгінге ие бола алмағаны тексеріліп жатыр.
«Сауалнама жасау барысында 44 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі мас күйде болмаған. Дерек тіркеліп, арнайы сараптама тағайындалды», – деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Белялова.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45