Павлодарда автобус билбордқа соғылды

14.05.2021 22:49

Салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға түсті

стоп кадр

Павлодарда автобус жол белгісі мен жарық бағанасын құлатып, жарнама билбордына барып бір-ақ соғылған. Салдарынан екі бала мен екі ересек адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жол көлік оқиғасы бүгін таңертең Торайғыров пен Бектұров көшелерінің қиылысында болған. №38 бағыттағы автобус жүргізушісінің не себепті тізгінге ие бола алмағаны тексеріліп жатыр.

«Сауалнама жасау барысында 44 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі мас күйде болмаған. Дерек тіркеліп, арнайы сараптама тағайындалды», – деді облыстық ПД ресми өкілі Жанна Белялова.