Арқалықта 5-қабаттан құлаған тұрғын құтқарылды
kaz.tengrinews.kz
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері барған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Арқалықта 5-қабаттың балконынан құлаған қызды полицей құтқарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін таңғы сағат 05:30-да қаланың Жедел басқару орталығына куәгерлерден қала тұрғынының балконнан тайып кеткені, бірақ темірді ұстап үлгергені туралы хабар түскен.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барған. Осылайша, Алмат Әмірхан далада қалып, ал әріптесі бесінші қабатқа көтерілген.
Осы кезде ілініп тұрған қыз бесінші қабаттан құлап түскен. Төменде қалған полиция қызметкері оны қағып алған. Осының арқасында 29 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00