Алматыда газ баллоны қоймасы өртенді
ДЧС Алматы
Өрт 150 шаршы метр жерді шарпыған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы қаласы Жетісу ауданында газ баллон қоймасы өртеніп, бірнеше рет жарылыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖД мәліметі бойынша, өрт Ратушный көшесі 78 «б» мекенжайында орналасқан LT газ ЖШС-сі аумағында болған.
«Бүгін сағат 14:32 кезінде Жетісу ауданында көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар жетті. Өрт сөндірушілер келгенде газ тасымалдайтын көлік өртеніп, жалын газ құю станциясы мен газ баллондар қоймасына жеткен. Салдарынан бірнеше газ баллон жарылып, жақын маңдағы үйлерге қауіп төндірді. Өрт 11 минутта өшірілді, адам шығыны болған жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі уақытта өрт толықтай өшіріліп, жақын маңға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жерді табиғи жолмен құрғату: ең көп су тұтынатын ағаштар
11.09.2026 03:15
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
Құрылтай мінберінен туысын құттықтаған депутаттар қалай жазаланады
10.09.2026 13:55
Атыраулықтар ауыз суға зәру: қорытынды жаңалықтарда (10.09.2026)
10.09.2026 21:05