Гуманитарлық көмекті жинауға және тиеуге еріктілер, кәсіпкерлер және қала тұрғындарынан 200-ден астам адам қатысты
Алматыдан Қостанай облысына 120 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
2022 жылғы 4 қыркүйек, жексенбі күні Алматы қаласында «DEPO EVOLUTION PARK» жастар орталығында 8 - аудан әкімдіктерінің күшімен және АMANAT партиясының «Жастар Рухы» Коворкинг орталығында 10 гуманитарлық көмек жинау пункті ұйымдастырылды.
Қаламыздың өзінен барлығы 120 тонна көмек жиналды, оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, бірінші кезекте қажетті заттар, сондай-ақ тұрмыстық техника, құрылыс материалдары және арнайы жабдықтар (бензин генераторлары, құрылыс құралдары және т.б.).
Қостанай облысына 4 қыркүйек күні кешке әрқайсысы 20 тонна салмақ көтеретін 6 жүк көлігі тартылды. 4 қыркүйек күні кешке 2 жүк көлігі (Fuhre, үлкен жүк таситын жүк), 5 қыркүйек күні күндіз тағы 3 автокөлік жіберілді, соңғы жүк көлігі Қостанай облысына 5 қыркүйектен 6 қыркүйекке қараған түні аттанады.
Гуманитарлық көмекті жинауға және тиеуге еріктілер, кәсіпкерлер және қала тұрғындарынан 200-ден астам адам қатысты.