Павлодарда көлік мұз астына түсіп кетті
© Photo : ДЧС Павлодарской области
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодар облысында автокөлік Усолка өзеніндегі қатқан мұздың ортасындағы шұңқырға түсіп кетті. Құтқарушылар көлікті жағаға шығарып алды, деп хабарлады Almaty.tv Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 ақпан кешке 112 құтқару қызметіне Павлодардағы "Ertis Olympic" бассейні маңында жеңіл көлік мұз астына түсіп кеткенін хабарланған.
Оқиға орнына келген құтқарушылар мұзға түсіп кеткен "Ниваны" көрген. Көлікті жүк көтергіш пен ен арқан көмегімен жағаға шығарды.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көлікті жағаға шығаруға екі автокөлік, 10 құтқарушы мен полицейлер қатысты.
Дереккөз: sputnik.kz
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
26.10.2026 09:15
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
25.10.2026 10:30
25 қазанда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
25.10.2026 10:05