Атырауда ірі базар отқа оранды
Фото: ҚР ТЖМ
Қызыл жалын 3 420 шаршы метр аумақты шарпыған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырауда ірі базар отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға өткен түні сағат 1:40-тар шамасында болған.
Қызыл жалынды ауыздықтауға 63 қызметкер және 11 техника жұмылдырылды.
Бұдан бөлек, 50-ден астам әскери қызметкер мен 3 құтқару көлігі көмекке келді.
Айтып келмейтін апат 3 420 шаршы метр аумақты шарпыған. Шығын көлемі есептеліп жатыр.
«Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың келтірген шығын көлемі есептеліп жатыр», - деді төтеншеліктер.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10