Алматыдағы блок-бекетте тұрған полиция қызметкерін қағып кетті
Бұл оқиға 30 сәуірде күндіз Алматы қаласының Медеу ауданында орын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы блок-бекетте тұрған полиция қызметкерін қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл оқиға 30 сәуірде күндіз Алматы қаласының Медеу ауданында орын алды. “BMW” маркалы көліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, № 13 бақылау-өткізу пунктінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін соққан.
Полиция қызметкері жарақат алмаған. Көлік жүргізушісі 1943 жылы туған А.есімді ер адам. Оқиға болған жерде жергілікті полиция қызметі Басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасады. Соқтығысу фактісін тергеуді Медеу ауданының ПБ әкімшілік-тәжірибелік бөлімі жүргізеді. Оқиғаның басқа мән-жайлары одан әрі заңға сәйкес шаралар қабылдау арқылы анықталады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жерді табиғи жолмен құрғату: ең көп су тұтынатын ағаштар
11.09.2026 03:15
10 қыркүйекке арналған валюта бағамы
10.09.2026 09:16
Құрылтай мінберінен туысын құттықтаған депутаттар қалай жазаланады
10.09.2026 13:55
Атыраулықтар ауыз суға зәру: қорытынды жаңалықтарда (10.09.2026)
10.09.2026 21:05