Жетісу облысында 3 адам жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы «Үшарал-Достық» автожолының 55-шақырымында болды.
Kia Soul мен Toyota Camry көліктері соқтығысты.
Алдын ала болжам бойынша 46 жастағы әйел Kia Soul автокөлігін басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Camry көлігіне соқтығысқан.
«Апат салдарынан оқиға орнында Toyota Camry автокөлігінің үш жолаушысы көз жұмды. Екі көліктің жүргізушілері де, сондай-ақ үш бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция автокөлік жүргізушілерін ҚР Жол ережелерін мүлтіксіз сақтауға және автожолда қырағылық танытып, сақ болуға шақырады.