Ақмола облысында әкімнің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды

newsbel.by
newsbel.by
Сонымен қатар Алматы облысы ТЖ департаментінің екі қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ақмола облысындағы аудан әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

"Ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін және қамқорлық көрсеткені үшін 600 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", – деді Бигайдаров.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Сонымен қатар Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс саласындағы апат тәуекелдерін азайту және бақылау басқармасының бастығы мен төтенше жағдайлар департаментінің оңтүстік аймағы бойынша жедел кезекшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Олар ЖШС жертөле ғимаратын мемлекеттік баланстан есептен шығару және жалпы қамқорлығы үшін бір топ адамнан 700 000 теңге сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр", – деді аға тергеуші.

Новости партнеров