Петропавлда жүріп бара жатқан көлікті құрылыс краны басып қалды

13.06.2020 в 23:48

«ГАЗ» көлігі айыптұраққа жеткізілді

Петропавлда жол апаты болды. Жүріп бара жатқан көлікті құрылыс краны басып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Петропавлда қызық жол апаты болды. «ГАЗ» көлігінің 51 жастағы жүргізушісі құрылыс кранынан басып озғысы келеді. Қаладағы адам көп көшелердің бірінде кранды трактормен тасымалдап бара жатқан. Бірақ «ГАЗ» көлігі кранмен соғысады да, салдарынан астында қалып қояды.

«Жол-көлік оқиғасында ешкім зардап шекпеді. «ГАЗ» көлігінің жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Кейін табылды. Полицейлер жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 611-бабының 2-бөлігіне және 210-бабына сәйкес хаттама толтырды», - деп хабарлады СҚО Полиция департаментіндегілер.

«ГАЗ» көлігі айыптұраққа жеткізілді.