Қазіргі уақытта құтқару қызметі тазарту жұмыстарын жүргізуде
Алматы қаласының Түрксіб ауданында батпақтану салдарынан көлемі 30 текше метр үйінді топырақ түсіп, Кіші Алматы өзенінің арнасы жартылай жабылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- 22 мамырда Түрксіб ауданы аумағында Волочаевская көшесінің бойында көлемі 30 текше метр топырақ түсіп, өзен арнасын жартылай жауып қалды. Қазіргі уақытта құтқару қызметі тазарту жұмыстарын жүргізуде, - дейді : Түрксіб ауданы ТЖБ аға инженері Ерасыл Жолдыбаев.
Бұған дейін Алматы облысында тау бөктерінен жеке тұрғын үйдің аумағына лай көшкіні түскен болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай шекарасында дамбы жарылды