Алматыда белгісіз ер адам әйелге шабуыл жасады

12.09.2019 22:58

Бірден мойнынан қылғындырған ол әйелдің алтын алқасын күштеп алып кеткен

Күдікті тапа-тал түсте баласымен кетіп бара жатқан ананы тонаған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
 Бейнекадрлардан жол жиегінде баласын арбамен сүйреп бара жатқан әйелдің артынан бойшаң келген ер адамның жақындағанын көруге болады. 

Бірден мойнынан қылғындырып, алтын алқасын күштеп алып кеткен.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның кеше түстен кейін орын алғанын  айтқанмен, қарақшы  әлі  ұсталған жоқ. Қалалық  Полиция департаменті  Патрульдік полиция экипажына күдіктінің кеткен жағын ғана белгілеп,  арнайы жедел тергеу тобы құрылғанын ғана мәлімдеді.