Шолақ және тегіс ұңғылы мылтық, тапанша мен 5 оқжатар анықталды
Жамбыл облысында қолды болған 6 қару мен 200-ден астам оқ-дәрі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Одан бөлек 3 граната мен өзге де атыс құралы болған. Айтап айтсақ, шолақ және тегіс ұңғылы мылтық, тапанша мен 5 оқжатар анықталды. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, қарулар Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған болуы мүмкін. Күдіктіні анықтау мақсатында табылған заттарға сот баллистикалық сараптама тағайындалды.
«Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді», – деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова