Көкшетауда 26 жастағы бойжеткен әжесінің алтын бұйымдары мен ақшасын ұрлап кеткен

21.06.2019 03:02

82 жастағы жергілікті тұрғын полицияға арызданды

Ақмола облысында полиция әжесінен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен қызды ұстады, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

«Көкшетау қаласының 82 жастағы жергілікті тұрғыны полиция арызданды. Ол белгісіз адамдардың үйіне кіріп, алтын бұйымдарын және ақшасын ұрлап кеткенін айтты. Жалпы зиян мөлшері 350 000 теңгеден асты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жәбірленуші жақын уақытта өзінің немересінің келгенін хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция 26 жастағы қызды ұстады.

Полиция қыздың әжесінің сеніміне кіре отырып, алтын зергерлік бұйымдар мен ақшасын ұрлап кеткенін білді. Қазіргі уақытта бойжеткен қылмысын мойындады.