Өңірде бір аптада 3 бірдей ірі жол-көлік апаты болған
Солтүстік Қазақстан облысында осы аптада 3 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан екі адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қайғылы оқиғалардың бірі 23 қараша күні таңғы 7.30 шамасында Петропавл маңындағы айналма жолда болған. Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, «Лада Ларгус» жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Тәртіп сақшылары жүк көлігі жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Аталған жол көлік оқиғасы Қылмыстық кодекстің 345-бабымен қылмыстық құрамының белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру тізілімдемесіне тіркелген. Жол көлік оқиғасы себептері мен салдарын анықтау бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды», – деді ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Баян Байғаскина.