Өрттің шығу себебі анықталып жатыр
Алматыдағы "Бақорда" базары маңында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Желі қолданушылары "Бақорда" базарының аумағындағы өрттің видеосын жариялап жатыр.
Алматы ТЖД өкілі өрт алты минут ішінде оқшауланғанын және бұл жер базар аумағына тиесілі емес екенін айтты.
"16 қыркүйекте сағат 14:45-те өртсөндірушілер Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылы, 103 мекен жайындағы өрт туралы ақпаратқа байланысты шықты. Сағат 14:54-те өрт жақын маңдағы автобөлшектерді сататын дүкендерге өтіп, қоқыс жанып кетті. Өрт 6 минуттан кейін ауыздықталып, 15:09-да сөндірілді", - деді ТЖД өкілі.
Өртсөндірушілер өрттің дүкендерге таралуына жол бермеген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.