Қызылорда облысында екі бала газдан уланып, көз жұмды

11.09.2023 23:05

Апаттың нақты себебі анықталып жатыр

bfm74.ru

Қызылорда облысында екі бала газдан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарына сүйенсек, олар – 3 және 6 жастағы балалар. Жеке үйлердің бірінде болған апаттың нақты себебі әлі де анықталып жатыр. Ал аудандық полиция қызметкерлері аталған іске қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Айта кетейік, мамандар газ пештері мен жабдықтарын пайдалануда көпшілікті абай болуға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда полицейлердің есебінде қанша жасөспірім тұр