Оралда төрт адамның денесі гараждан табылды

Almaty.tv
Almaty.tv
17 жастағы 3 жасөспірім мен 19 жастағы 1 жігіт көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда төрт адамның денесі гараждан табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олар көліктен шыққан улы газға тұншығып ажал құшқан. 17 жастағы 3 жасөспірім мен 19 жастағы 1 жігіт көз жұмды. Қайғылы жағдай кеше Зачаганск кентінің «Сартау» шағынауданында орналасқан жеке үйдің бірінде тіркелген. Полиция берген мәлімет бойынша, олар көміртегі тотығына улануы мүмкін. Айта кету керек, Оралда соңғы күндері ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейіп тұр. Оқыс оқиғаның да себебі күннің суықтығына байланысты болуы мүмкін. Көлік ішінде уланып, о дүниелік болғандарды 10 қаңтар күні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді.

«Алдын ала болжам бойынша олар көміртегі тотығымен улануы мүмкін. Қазіргі уақытта олардың денесі сот медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған оқиға сотқа дейінгі тергеп тексерудің біріңғай тізіміне жазатайым жағдай ретінде тіркелді. Қысқы уақытта ата-аналар балаларының қайда кіммен жүргенін барлығын алдын-ала біліп, сақтық шарасын сақтауын сұраймыз», – деді БҚО ПД баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.

Новости партнеров