Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жол апаты 18 желтоқсан күні кешкі сағат 18:30-да Доссор – Күлсары тас жолында Доссор ауылына жақын жерде болған. Volkswagen Sharan мен Ravon көліктері бетпе-бет соқтығысады. Бір көліктен түтін шыға бастаған.

"Бірақ автомобиль жанған жоқ. Тас жолының бойында қызмет атқарып жүрген медициналық құтқару бекетінің мамандары жарақат алған 11 адамды Доссор ауылының ауруханасына жеткізді", дейді құтқарушылар.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем мен полицейлер барды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірше облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, полиция департаменті де толық ақпарат бермей отыр.

Новости партнеров