Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді

19.12.2021 23:06

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында екі көлік бетпе-бет соқтығысып, 11 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Жол апаты 18 желтоқсан күні кешкі сағат 18:30-да Доссор – Күлсары тас жолында Доссор ауылына жақын жерде болған. Volkswagen Sharan мен Ravon көліктері бетпе-бет соқтығысады. Бір көліктен түтін шыға бастаған.

"Бірақ автомобиль жанған жоқ. Тас жолының бойында қызмет атқарып жүрген медициналық құтқару бекетінің мамандары жарақат алған 11 адамды Доссор ауылының ауруханасына жеткізді", – дейді құтқарушылар.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, жедел жәрдем мен полицейлер барды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әзірше облыстық денсаулық сақтау басқармасы да, полиция департаменті де толық ақпарат бермей отыр.

Толық көрсету