Ол 7 тамызда үйінен шығып кеткен
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың мәйіті табылғанын хабарлады, деп жазады Almaty.tv тілшісі.
«Қыз бала табылды, ол суға батып кеткен», - деп хабарлады ведомстводан.
Толық түсініктеме жақында беріледі деп сендірді полицейлер.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай облысында 7 тамызда үйінен шығып кеткен 5 жасар қыз іздестіріліп жатқаны хабарланған.