Семейде үй өртеніп, бір адам қаза тапты
spectr.com.kz
Төртінші қабаттағы пәтерде еден мен жеке заттар өртенген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Семей қаласы Шүлбі кентіндегі көпқабатты үйдің пәтерінде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық Төтенше жағдайлар бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 13 ақпан күні түн жарымында болған.
«Төртінші қабаттағы пәтерде еден мен жеке заттар өртенген. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтау үшін бірден оқиға орнына аттанды. Алайда 69 жастағы үй иесін құтқара алмады», - делінген ведомство мәліметінде. Өрт шығу себебінің екі нұсқасы қаралуда, атап айтқанда шылым шегу немесе отты абайсыз қолдану.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31