Ер адам 10-қабаттан құлаған бес жасар қызды қағып алды
Иллюстративное фото взято с сайта progorodsamara.ru
Ведомство мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің оныншы қабатынан құлаған бес жасар қызды өтіп бара жатқан ер адам ұстап қалған. Оқиға туралы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ведомство мәліметінше, оқиға 31 шілдеде болған. Кешкі сегіздер шамасында Қабанбай батыр 42 мекенжайында 2017 жылғы қыз бала терезеден құлаған. Сол жерден өтіп бара жатқан ер адам қызды қағып алуға тырысқан.
"Ер адам құлаған қызды қағып алып жарақатын жеңілдетуге себепші болды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті Талғат Әбдіханұлы есімді ер адамды марапаттау рәсіміне шақырды. Алайда ол қыздың жағдайына байланысты одан бас тартты", - делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45