Түркістан облысында із-түссіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

09.01.2023 в 23:14

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

aqmeshit-zhastary.kz

Түркістан облысында осыдан 4 күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен ер адам егістік алқабынан өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция мәйітті сырттай қарау барысында зорлық-зомбылық белгілерінің анықталмағанын хабарлап отыр. Дегенмен сот-медициналық сараптама тағайындалып, іске қатысты тергеу амалдары басталған. Айта кетсек, 77 жастағы қария 5 қаңтарда үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге ауыл тұрғындары мен тәртіп сақшыларынан бөлек, еріктілер де жұмылған еді.

«Қолданылған шараларға қарамастан, өкінішке қарай жоғалған ер адамның мәйіті 08.01.2023 жылы сағат 17:00 шамасында «Шүрен төбе»  егістік алқабынан табылды. Мәйітті сырттай қарау барысында ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппарова.