Қызылорда облысында базар өртенді

25.06.2020 23:16

Бұл оқиға бүгін 25 маусымда болған

Қызылорда облысында базар өртенді. Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі сауда орнынан шыққан өрт 2 мыңнан астам шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға куәлеренің айтуынша, қызыл жалын «Ер-Нұр» базары аумағында орналасқан «Нұр» асханасында тұтанған. Одан кейін асханаға жақын маңда орналасқан «Орынай», «Ақбота», «Арзан» сауда үйлері мен шаруашылық заттарын сататын «Баянсұлу» және екі азық-түлік дүкеніне жайлаған. 

Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 33 маманы және 3 техника жедел жеткен. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Тілсіз жаудың шығуына электр жүйесінің тұйықталуы себеп болған.