Алматылық режиссер Болат Акунов өмірден өтті

01.05.2020 в 23:42

Режиссер 54 жасында қайтыс болды

фото из открытых источников

Танымал телепродюсер әрі режиссер Болат Акунов өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

1965 жылы 3 маусым күні дүниеге келген режиссер 54 жасында қайтыс болды.

Болат Акунов көптеген қазақстандық талантты жастардың танылуына көмектесіп, әрқашан қолдау беріп келген.

«Болат Акунов, бұл қалай болғаны... жаның жәннатта болсын. Жұмыспен ғана хабарласпай, бір уақыт жай қалыңды біліп, жағдайыңды сұрай алмаған бізді кешірерсің... Кешір», - деп жазды facebook қолданушылары режиссердің еңбектерін еске ала отырып.